Қазақстанда балалардың қайда жүргенін бақылайтын жүйе енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда балалардың қайда жүргенін бақылайтын жүйе енгізіледі

25.01.2021
Қазақстанда балалардың қайда жүргенін бақылайтын жүйе енгізіледі

Ішкі істер министрлігі балалардың қайда жүргенін анықтайтын жаңа жүйені енгізбек. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

«Министрлік тарапынан жүзеге асырылатын пилоттық жобалардың бірі – баланың жүрген жерін анықтауға мүмкіндік беретін «Мені тап» жүйесі. Ол - Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді бақылайтын мобильді қосымша», - деді ресми өкіл.

Айтуынша, трекерді баланың киіміне, мектеп сөмкесіне орнатып қоюға болады. Егер баланың ұялы телефоны сөніп тұрса немесе байланыс болмаса, мобильді қосымшаны іске қосып, Bluetooth желісі арқылы трекерді іздеуге мүмкіндік бар.

Жаңа жүйе Жедел басқару орталығымен біріктірілген. Яғни, ата-ананың баланы іздеп жатқаны туралы мәлімет бірден полицияға түседі.

Хабарламаларға жазылу