![Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 18 адам көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/26/1611631445971.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 15 адам көз жұмды. 1266 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 179720-ға жеттi.
Соңғы тәулікте 1445 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 161758. Қайтыс болғандар - 2495.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 134 адам ем қабылдап жатыр. 285 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 8 адам дертке шалдығып, 3 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 47445 адамға пневмония диагнозы қойылды. 35220 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 558.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 18 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136384/)