![ҰБТ толығымен электрондық форматқа көшіріледі](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/26/1611640787181.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электрондық форматқа көшіріледі. Президент төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді.
«400 жаңа балабақша ашылады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 180 мектеп салу жоспарланған. Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электрондық форматқа көшіріледі.
Отандық ғылымды жүйелі дамыту аясында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа қаражат салуын орталықтандыру көзделген.
500 ғалымды әлемдік жетекші ғылыми орталықтарға тағылымдамаға жіберу ұйымдастырылады. Жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді», - деді Асқар Мамин.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҰБТ толығымен электрондық форматқа көшіріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136389/)