![Елде дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды - Цой](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/26/1611642771602.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Денсаулық сақтау министрінен дәрі-дәрмек бағасы қалай қадағаланып жатқанын сұрады. Осы орайда Алексей Цой дәрі-дәрмектің шекті бағасын қадағалау мәселесі қайта қаралғанын мәлім етті.
«Қазіргі уақытта коронавирус препараттары бойынша маркетингті шығындарды алып тастадық. Дәріханаларда дәрі жетіспеушілігі болмас үшін біз коронавирус жұқтырғандарға амбулаториялық дәрі-дәрмек тегін беріліп жатыр. Бұл дәріханалардағы кезекті жойды. Біз ковидке қарсы препараттардың бағасын орта есеппен 27 пайызға арзандаттық», - деді министр.
Алексей Цой елде алдағы уақытта дәрі жетіспеушілігі болмайтынын кесіп айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды - Цой&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136390/)