Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Техникалық себептерге байланысты ұшақтардың ұшып-қону уақыты шегерілген. Кеше кешкілік ұшып-қону жолағының навигациялық жүйесін әуеден шолуды орындаған «Air Control» авиакомпаниясының ұшағы шассисіз жерге қонған. Жапа шеккендер жоқ. Экипаж құрамында үш адам болған. Ұшақ өртенбеген.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дөңгелектері ашылмай қалған ұшақ «Орал» халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/13640/)