Елде ақшаны депозитке доллармен жинайтындар 37%-ке дейін азайды. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаеватың айтуынша, қаржыны доллармен жинауға сұраныстың мұнша төмендеуі соңғы рет 2013 жылы болған. Ал депозитке теңгемен салынған қаражат керісінше 28%-ке дейін артты. Жалпы банктердегі ақша жинағы 16,1%-ке дейін көбейіп, 22 трлн теңгеге жеткен. Бір жылда халықтың депозитте жинаған ақшасы 3,5 трлн теңгеден асты.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақшаны депозитке доллармен жинайтындар 37%-ке дейін азайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136417/)