Биыл елде 5 800 шақырым жол ақылы болады. Үкімет басшысы Асқар Мамин биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы жалпы 6 мың шақырым жол салынатынын жеткізді. Сонымен бірге көрші елдермен Қазақстан-Қытай және Қазақстан-Өзбекстан бағыттары бойынша бірнеше станциядағы айналма учаскелерге арналған теміржол салынатынын айтты. «Қазавтожолдың» мәліметінше, елде 4 ақылы учаске бар. Олар «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қорғас» және «Алматы – Қапшағай» бағытындағы жолдар.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл елде 5 800 шақырым жол ақылы болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136420/)