![Коронавирус жұқтырған 266 адамның жағдайы ауыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/27/1611718263051.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 15 адам көз жұмды. 1397 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 181117-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 1398 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 163156. Қайтыс болғандар - 2510.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 119 адам ем қабылдап жатыр. 266 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 130 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 47575 адамға пневмония диагнозы қойылды. 35348 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 559.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирус жұқтырған 266 адамның жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136429/)