АҚШ президенті Джо Байден қызметіне кіріскен соң алғаш рет Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Ресей басшысы америкалық әріптесін жаңа лауазымымен құттықтап, сәттілік тіледі. Мемлекет басшылары екі ел қарым-қатынасын, ашық аспан келісім шартынан АҚШ-тың шығуын, стратегиялық шабуылдау қару-жарақтары туралы келісімнің мерзімін ұзарту тетігін талқылады. Сонымен қатар коронавируспен күресте бірлесе жұмыс істеуге уағдаласып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің саммитін өткізу туралы Ресей ұсынысын қарастырды.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Байден мен Путин телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136447/)