Президент жанындағы Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құру – өте маңызды. Өйткені, бюджетке түсетін қаржының 40 проценті көлеңкелі айналымда жүр. Ал жаңа ұйым осы кемшілікті шешуге ықпал етеді. Мұндай пікірді Еуропалық құқық және адам құқықтары институты директоры айтып отыр.