![Қазақстанда бір тәулікте 1413 адамнан коронавирус анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/28/1611804879800.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 11 адам көз жұмды. 1413 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 182530-ға жеттi.
Соңғы тәулікте 1163 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 164319. Қайтыс болғандар - 2521.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 348 адам ем қабылдап жатыр. 274 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 83 адам дертке шалдығып, 5 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 47658 адамға пневмония диагнозы қойылды. 35436 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 564.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда бір тәулікте 1413 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136482/)