![Алматыда COVID-19 жұқтырған науқастардың барлығы ауруханаға жатқызылады](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/1/28/1611808498557.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 ақпаннан бастап Алматыда COVID-19 жұқтырған науқастардың барлығы ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы шаһардың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында айтылған.
Сонымен қатар, театрлар мен кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынады.
Сауда орталықтары тек жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Жабық базарлардың жұмысы сағат 17:00-ге дейін шектеледі.
Қоғамдық тамақтандыру орындары, дәмханалар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты - 9.00-ден 20.00-ге дейін. Ұжымдық іс-шаралар өткізуге болмайды.
Айта кетейік, Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Өткен тәулікте 138 адамнан вирус анықталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда COVID-19 жұқтырған науқастардың барлығы ауруханаға жатқызылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136484/)