Қостанайдағы Құсмұрын колониясы бастығының орынбасары қамаудағыларды азаптағаны үшін енді өзі де сотталды. Жалпы режимдегі УК-161/4 мекемесінде қызмет еткен ол былтыр мамыр айында осы қылмысы үшін жауапқа тартылды. Құсмұрын колониясы өткен жылы таратылғандықтан жәбірленушілер қазір облыс аумағынан тыс жерлерде жазасын өтеп жатыр. Ал лауазым иесіне қатысты 2 күн бұрын Әулиекөл аудандық соты үкім кесті.
Зәуре Едікова, облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі:
Әулиекөл аудандық соты, Құсмұрын кенті, 161/4 колониясы бастығының орынбасарына 2,5 жыл бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар физикалық және психикалық азап келтіргені үшін оған 3 жылға дейін мемлекеттік қызмет істеуге тыйым салынды. Сот үкімі әлі заңды күніне енген жоқ.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құсмұрын колониясы басшысының орынбасары сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136490/)