Елде репродуктивті көрсеткіш нашарларды. Ал індетті жеңу жолы – вакцина. Қазір отандық вакцина клиникалық сынақтың III кезеңінен өтіп жатыр. Ал «Спутник V» вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізілуде. Халықты жаппай екпе жұмыстары 1 ақпанда басталады. Бүгін Үкімет басшысы ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Премьер-Министр әкімдіктерге вакцинаны сақтау үшін қажетті жабдықтарды сатып алып, егу пункттерінің толық дайындығын 1 ақпанға дейін аяқтауды тапсырды. Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, вакциналау мәселелеріне қатысты арандату және жалған ақпарат тарату фактілерін уақытылы тоқтату тапсырылды.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары 1 ақпанда басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136521/)