Ақмола облысында соңғы аптада бір жарым мыңға жуық адам ауру жұқтырған. Күн сайын 200-ден астам тұрғыннан вирус анықталуда. Әсіресе, Көкшетаудағы жағдай қиын. Сондықтан демалыс күндері ірі сауда орындарының жұмыс істеуіне тыйым салынды. Емханалардағы науқастар да көбеюде. Облыстағы ауруханаларда 700-ге жуық адам ем қабылдап жатыр. Қаңтар айында өңірде 5 адам инфекциядан көз жұмды.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында күн сайын 200-ден астам адамнан коронавирус анықталуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136565/)