Прокуратура Арыстағы жарылысқа қатысты қылмыстық істі қайта тергеуге жіберді. Оған істегі кейбір кемшіліктерді жою туралы адвокаттардың ұсынысы және басқа да тұлғаларды жауапқа тарту бойынша сотқа түсірген талап-тілегі себеп. Жалпы Арыс оқиғасына байланысты Шымкент гарнизонының әскери соты былтырдан бері істі қарап жатыр. Жабық есік жағдайындағы сот отырысына 16 айыпталушы, 1500 адам жәбірленуші ретінде қатысуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Арыстағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136575/)