![Қазақстанның 4 облысы «қызыл» аймақта тұр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/1/1612152504631.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміздің 4 облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта тұр. ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 1 ақпан күнгі Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасын жариялады.
Орталықтың бағалауынша СҚО, БҚО, Ақмола, Павлодар облыстары «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, ШҚО, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
Жалпы, Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «сары» аймақта тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның 4 облысы «қызыл» аймақта тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136610/)