Президент, ел азаматтары пандемия кезінде екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінетініне сенім білдірді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын»,- деп жазды Мемлекет басшысы.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азаматтарды вакциналау шығындарын мемлекет көтереді – Тоқаев&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136678/)