10 млн 500 мың қазақстандықтың жеке куәлігі, мекен-жайы және байланыс нөмірлері жинақталған база сатылады. Осындай ақпарат соңғы күндері интернет қолданушылардың назарын өзіне аудартты. Осыншама ақпарат үшін «саудагерлер» 1,5 мың АҚШ долларын сұраған. Қарапайым есепке салса, 1 адам жайлы ақпарат 10 долларға бағаланған. Жарнама авторлары аталған ақпаратты қалай ала алатыны және қандай жолмен ақша төлеу керектігін де жазып қойған.
Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:ҚР ІІМ азаматтардың жеке деректері жария болды деген ақпараттың жалған екенін хабарлайды. Және де бұл хабарламаны әрі қарай таратпауға шақырады.
Ғабит Бөкенбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азаматтардың жеке деректері саудаланып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136693/)