Түнгі 2-де үйінен шығып ұшты-күйлі жоғалып кеткен 25 жастағы жігітті ауыл жастарынан құралған еріктілер тауып алды. Қайса Дінмұханбет - Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауылының тұрғыны. Түн ортасында тұрып, қалаға тарта жөнелгенінен әрі ұялы телефонының өшірулі тұрғанынан күдіктенген туыстары келесі күні-ақ полицияға арыз түсірген. Туысқандарының айтуынша, тәртіп сақшылары іздеу жариялауға асықпаған. Араға 4 күн салып Павлодар қаласының іргесіндегі Кенжекө ауылы маңынан жанып кеткен көлік қаңқасы мен адамның мүрдесі табылды. Алдын ала болжамға қарағанда жас жігітті қасақана өртеп жіберген.
Бауыржан Бердіұлы, еріктілер тобының белсендісі:
- 48 сағат өтпей қаралмайды екен олардың заңы бойынша. Біз сол себептен, 2-3 күн уақытымызды өткізіп алдық. Өзіміздің балалардың күшімен ғана ізделді. Жергілікті полиция қызметкерлерінен ешқандай ақпарат ала алмадық. Полиция тарапынан ешқандай көмек болмағандықтан, іздемесек, қашан табылатыны белгісіз болар еді.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында жоғалып кеткен жігітті еріктілер тауып алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/13670/)