![Қазақстанда бір тәулікте 1228 адамнан коронавирус анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/3/1612325706445.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 6 адам көз жұмды. 1228 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 190359-ға жеттi.
Соңғы тәулікте 1136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 171099. Қайтыс болғандар - 2565.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 900 адам ем қабылдап жатыр. 310 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 107 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48005 адамға пневмония диагнозы қойылды. 36229 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 571.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда бір тәулікте 1228 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136713/)