Елордадағы сауда-ойын-сауық орталықтары сенбі күні жұмыс істейтін болды. Бірақ олардың ішіндегі аттракциондар мен ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың жұмысына тыйым салынады. Ал, фудкорттардың курьерлік қызметіне ғана рұқсат бар. Сондай-ақ, жабық нысандағы базарлар да енді демалыс күндері кешкі 20.00-ге дейін ашық тұрады. Ал, фитнес-орталықтар мен бассейндердің, монша-сауналар түнгі 23.00-ге дейін, дәмхана, мейрамхана, асханалар түнгі 00.00-ге дейін жұмыс істейді. Қаланың бас санитарының қаулысына сай басты талап халық саны нысанның 30 пайызынан аспауы керек. Ал қоғамдық көліктер қалыпты режим бойынша қатынайды.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда карантинге қатысты жаңа қаулы шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136730/)