Жылуды мардымсыз бергені үшін «Қарағанды Энергоорталығы» айыппұл төлейді. Бұған дейін қала тұрғындары пәтерлерінің суық екенін айтып шағымданған болатын. Соның негізінде, табиғи монополияларды реттеу департаменті «Қарағанды Энергоорталығы» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде компанияның өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны дәлелденген. Осыған байланысты мекемеге 4 млн 667 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, тұрғындарға жылу үшін төлем қайта есептеледі.
Жанель Мұсақанова, Табиғи монополияларды реттеу департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы:
-Жылу өндіруші компанияның құбырларын тексерген кезде тиісті температураның жоқтығы анықталды. Мұндай ауытқушылық жылу беру кестесінде көрсетілген параметр бойынша 5 проценттен аспауы тиіс. Алайда энергияның мардымсыз берілгені анықталды. Сол үшін компанияға айыппұл салынды. «Қарағанды Энергоорталығы» жылу беру маусымының соңында, яғни сәуір айында тұрғындармен қайта есептесуі керек.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қарағанды Энергоорталығы» ЖШС айыппұл төлейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136752/)