![Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір күнде 13 адам көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/4/1612409969134.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 11 адам көз жұмды. 1280 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 191639-ға жеттi.
Соңғы тәулікте 1110 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 172209. Қайтыс болғандар - 2576.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 886 адам ем қабылдап жатыр. 259 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 82 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48087 адамға пневмония диагнозы қойылды. 36482 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 573.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір күнде 13 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136766/)