Қорғаныс министріне Президент әскердің әлеуетін арттырып, Қарулы күштерді цифрландыруды тапсырды. Кездесуде Нұрлан Ермекбаев Қазақстан армиясының заманауи қару-жарақ және техникамен жабдықталуы, ақпараттық қауіпсіздігі мен бітімгершілік бөлімдердің дайындығы жөнінде мәлімет берді. Әрі «Армияны жаңғырту» жобасын ұсынатынын хабарлады. Оның іске асуы армияның қуатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге зор мүмкіндік береді дейді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қорғаныс министрін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136797/)