Мұнай 2050 жылға қарай 173 долларға дейін қымбаттауы мүмкін. АҚШ-тың Энергетика министрлігі қара алтын құнына қатысты осындай болжам жасады. Дегенмен сарапшылар Brent бағасы базалық сценарийде 2050 жылы 95 долларға жетеді деп есептейді. Кеше ОПЕК+ мониторинг комитетінің отырысы өткен. Кездесуде тараптар биыл мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 95,9 млн баррельге жетеді деп отыр. Ал бүгін Brent бағасы 58 доллардан асты. WTI 56 доллар шамасында.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұнай бағасы 173 долларға қымбаттауы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136819/)