![12 адам көз жұмды: COVID-19 бен пневмонияға қатысты тәуліктік статистика жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/5/1612495857884.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 6 адам көз жұмды. 1186 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 192825-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 1450 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 173659. Қайтыс болғандар - 2582.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 480 адам ем қабылдап жатыр. 265 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 71 адам дертке шалдығып, 6 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48158 адамға пневмония диагнозы қойылды. 36683 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 579.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=12 адам көз жұмды: COVID-19 бен пневмонияға қатысты тәуліктік статистика жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136825/)