![Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингінде 107-орында](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/5/1612502602190.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны бойынша рейтингіде 138 елдің ішінде 107-орында, деп хабарлайды energyprom.kz
Рейтинг елдердегі баспананы жалға алу бағасы Нью-Йорктегіден қаншалықты арзан немесе қымбат екенін анықтайды (индексі 100). Егер мемлекеттер индексі 110 болса, Нью-Йорктегі бағадан 10% қымбат, 95 болса - сәйкесінше 5% арзан деген сөз. Қазақстанның индексі 9,31-ді құрады.
Жалға алу құны қымбат үйлер Бермуд алардары, Гонконг және Сингапурда. Ал ең арзан тұрғын үйді Ауғанстаннан табуға болады.
Былтыр Қазақтанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны бір жылда 9,3%-ға, абаттандырылмаған тұрғын үйді жалға алу бағасы 3,5%-ға өскен.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау құны қымбат қалалар (орташа бағасы): Нұр-Сұлтан (шаршы метрі 2,9 мың теңге), Алматы (2,3 мың теңге) және Ақтау (2 мың теңге). Ең арзаны Семейде (шаршы метріне 1,2 мың теңге).
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингінде 107-орында&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136828/)