Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде коронавирусқа қарсы 165 түрлі вакцина өндірілген. Бірақ оның 15-і ғана өз тиімділігін дәлелдеп, ресми тіркелді. Елімізде медицина қызметкерлеріне салынып жатқан «Спутник V» - соның бірі. Сондықтан дәрігерлер күмәндануға негіз жоқ дейді.
Надежда Петухова, Еуразиялық медицина қауымдастығының төрайымы:
Ең болмағанда халықтың 60-70%-ы вакцина қабылдап, антидене қалыптастырмайынша, біз індетті жеңе алмаймыз. Қазір менің 9 мыңнан аса әріптесім екпе салдырды және жағдайлары жақсы, шағымы жоқ. Сондықтан дүрлігудің, қорқудың қажеті жоқ. Оның үстіне біздің мемлекетімізде вакцина салдыру тегін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Екпеден қорқудың қажеті жоқ - мамандар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136853/)