![Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа қайта оралды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/8/1612757156265.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа қайта оралды. Өткен тәулікте шаһарда 75 адамнан коронавирус анықталды.
ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 8 ақпан күнгі Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасын жариялады.
Орталықтың бағалауынша Нұр-Сұлтан, Ақмола, Павлодар облыстары «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта СҚО, БҚО, Атырау, Қостанай облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша «жасыл» аймақта тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа қайта оралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136897/)