![Қазақстандықтар былтыр шетелге 787,7 млрд теңге аударған](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/8/1612759696437.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандықтар былтыр ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге 787,7 млрд теңге аударған, деп хабарлайды ranking.kz.
Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 20,2%-ға көп.
Қазақстаннан шетелге аударылған ақшаның басым бөлігі Ресей Федерациясына (27,1%), Қырғызстанға (21%), Түркияға (17,4%) жіберілген.
Ал шетелден Қазақстанға келген ақша аударымдары 286,8 млрд теңгені құрады. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,8%-ға аз.
Жалпы, шетелден елге келген ақша аударымдарының 85 пайызы Ресей Федерациясынан (74 млрд теңге), Оңтүстік Кореядан (51,6 млрд теңге), Өзбекстаннан (38,3 млрд теңге) және Қырғызстаннан (33,7 млрд теңге) аударылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандықтар былтыр шетелге 787,7 млрд теңге аударған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136899/)