Шығыс Қазақстанда санитарлық авиацианың ұшағы апаттық жағдайда жолға қонды. Алдын ала болжам бойынша, Өскеменнен Зайсанға бет алған Ан-2 маркалы ұшақтың қозғалтқышынан ақау шыққан көрінеді. Әуе кемесінде 3 экипаж мүшесі және екі медицина қызметкері болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Дәрігерлер Зайсан ауданының орталық аурханасындағы науқасқа бара жатқан. Бірақ діттеген жерлеріне жете алмай, Өскемен-Алматы тасжолының үстіне қонуға тура келген.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-да санитарлық авиация ұшағы апатты жағдайда қонды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136911/)