![Коронавирус жұқтырған 261 адамның жағдайы ауыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/9/1612841698655.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 12 адам көз жұмды. 918 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 197033-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 1300 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 178044. Қайтыс болғандар - 2613.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 26 380 адам ем қабылдап жатыр. 261 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 5 адам дертке шалдыққан. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48318 адамға пневмония диагнозы қойылды. 37730 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 584.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирус жұқтырған 261 адамның жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136946/)