![Қазақстандықтардың шетелдегі есепшоттары тексеріледі - министр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/9/1612846646080.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биылдан бастап қазақстандықтардың шетелдегі есепшоттары тексеріледі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
«Капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Халықаралық қаржы ұйымдарымен мәліметтерді электрондық алмасу аясында көпжақты конвенцияға қол қойылды.
Осы жылдан бастап біздің азаматтарымыздың 100-ден астам юрисдикцияда қаржылық шоты бойынша ақпарат алмасу басталады», - деді министр Үкімет отырысында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандықтардың шетелдегі есепшоттары тексеріледі - министр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136948/)