Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың жағдайы жақсы. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының дәрігер-эпидемиологы Эльвира Ибрагимова онлайн брифингте айтты. Оның сөзінше, медицина қызметкерлеріне екпе салдыру үшін тағы 1700-ден аса доза жеткізілген. Вакцина бірінші кезекте инфекциялық стационарлардың, реанимация бөлімдері мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына салынады. Екпе екі кезең бойынша жүргізілетіндіктен, тағы да 2 мыңға жуық доза әкелінбек. Вакцинаның бірінші дозасы иммундық жүйені қалыптастырса, екіншісі оны күшейтеді. Қазірдің өзінде 1300-ден аса медицина қызметкері екпе салдырып үлгерді.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған алматылық дәрігерлердің жағдайы жақсы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136960/)