Жамбыл облысында алғаш рет түзеу мекемесінде жатқан педофилге химиялық кастрация жасау жазасы қолданылмақ. Қазір қалалық емхана мамандары жазаға кесілген қылмыскердің денсаулығын жан-жақты зерттеуге кіріскен. Олар сотталушыға қандай химиялық екпе салу керек екендігін анықтайды. Жалпы, Жамбыл облысындағы түзеу мекемелерінде жатқан 13 педофилге кастрация жасау жоспарланған. Оған бюджеттен 1 млн 373 мың теңге қаражат бөлінген. Сот шешімі шыққан жағдайда медициналық сараптамадан соң химиялық екпе жасалады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында педофилге химиялық кастрация жазасы қолданылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136976/)