![Қазақстанда ажырасу көрсеткіші 2,6 есе азайды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/10/1612932434661.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2020 жылдың 3 тоқсанында Қазақстанда 87,6 мың неке тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,7%-ға аз, деп хабарлайды ranking.kz.
Сондай-ақ былтыр ажырасу көрсеткіші 2,6 есе азайды. 17,3 мың жұп ажырасқан.
Қалаларда неке саны 60,4 мыңға немесе 17,5%-ға, ауылдарда 27,2 мыңға немесе 11,6%-ға азайды. Ал ажырасу саны қалаларда 12,7 мыңға немесе 73,4%-ға, ауылдарда 4,6 мыңға немесе 26,6%-ға кеміді.
Ажырасу көрсеткіші ең аз тіркелген өңірлер: Қызылорда(4 есе), Атырау (3,7 есе) және Батыс Қазақстан облыстары (3,1 есе). Алматыда 2 мың, Нұр-Сұлтан қаласында 1,4 мың жұп некесін бұзған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда ажырасу көрсеткіші 2,6 есе азайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/136998/)