Қазақстан мен Өзбекстан парламентаралық ынтымақтасты нығайта түсуге мүдделі. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев пен Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаевтың кездесуінде осы бағыттағы жоспарлар пысықталды. Екі ел арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жайы да сөз болды. Өзбекстан – Қазақстанның Орта Азиядағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. Өзара ықпалдастық қос мемлекет үшін де маңызды. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Өзбекстан тарапына еліміздегі Мәжіліс пен мәслихат сайлауы кезіндегі белсенділігі үшін алғыс айтты.
Альбина Әшім
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстан елшісімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137012/)