Былтыр 21 млрд доллардан асқан. Әсіресе сырттан келетін жануар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын тағамдар көп. Құны 1,5 млрд долларға жетті. Металл мен оның өнімдерін Қазақстан шамамен 2 млрд долларға импорттайды. Химиялық өнімдердің импорты 3 млрд доллардан асады. Көлік пен оның құралдарын 12,4 млрд АҚШ долларына сатып аламыз. Мәжілісте депутаттар импорттық тауарлар үлесін азайтпай, экономика дамымайтынын айтады.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:-Жер қойнауын пайдаланушы отандық және шетелдік компаниялардың елде өнім өндірілуіне қызығушылық танытпайды. Және Үкіметтен импорттық тауарды азайтуға арналған бағдарламаның жасақталмағаны.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда импорт үлесі азаймай тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137039/)