![Жүргізуші куәлігінсіз жүргендердің ескі айыппұлдары кешіріледі](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/11/1613021281749.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
13 ақпаннан бастап қазақстандықтар көлік құжаттарынсыз жүре алады. Ал азаматтардың заң күшіне енгенге дейінгі құжаттардың болмауына байланысты салынған ескі айыппұлдары кешіріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменітінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мұндай істер мәжбүрлі түрде орындалмайды. Яғни, тек құқықбұзушылардан тиісті өтініштер түскен жағдайда ғана жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша тоқтатылуы керек», - делінген хабарламада.
Түзетулер шетелдік нөмірлі автомобильдерге, сондай-ақ жүргізуші куәлігін Қазақстаннан тыс жерлерде алған адамдарға қолданылмайды. Олар үшін жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті ұсыну міндетті болып қала береді.
Сондай-ақ полиция сақтандыру полисі болмаса қандай жаза қолданылатынын да еске салды.
«Егер жүргізуші сақтандыру полисінде жоқ болса, онда оған Әкімшілік кодекстің 230-бабының 2-бөлігіне сәйкес – 10 АЕК (29 170 теңге) айыппұл салынып, 797-бапқа сәйкес автокөлік тұраққа қойылады. Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті талап етпеу міндеттемесін алып тастағанда, сақтандыру полисінде жазбаның болуы іс жүзінде осы көлікті басқарудың заңдылығын растайтын жалғыз нәрсе болып табылады», – дейлі олар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жүргізуші куәлігінсіз жүргендердің ескі айыппұлдары кешіріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137051/)