Алматы да қар көшкіні жүруі мүмкін. Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның көп түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 11-12 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі ықтимал. Сондықтан, төтенше жағдай департаментінің мамандары қарлы беткейлерге шығуға болмайтынын ескертті.
Жалпы, Алматы облысында күн райы қазір жауын-шашынды. Қар мен жаңбырдан кейін көктайғақ пайда болды. Осыған байланысты облыстағы республикалық маңызы бар тасжол жабылды. Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас тасжолы таңғы 7-ден көліктің барлық түрі үшін жабық.
Ал СҚО-да қатты аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Алдағы күндері елдің шығысында суық антициклон жүріп, ауа температурасы 28-33 градусқа дейін төмендейді. Ал батыс өңірлерде жауын-шашын болады.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137059/)