Павлодарда жоғары оқу орнының екі студенті Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің куәлігін қолдан жасап сатқан. Олар әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берушіге табан астында дайындап береміз-деп жарнама берген. Күдіктілер ұсталды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция алдымен қанша қызмет куәлігі сатылғанын және оларды кімдер сатып алғаны жайлы мәліметті анықтауда.
Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:2001 жылы туған студенттер анықталды және ұсталды. Олардан принтер, процессор дайын куәліктер және куәлікті жасауға дайындап қойған қызыл парақшалар табылды. Қазір қылмыстык іс қозғалып, сараптама тағайындалды.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда 2 студент полицияның қызмет куәлігін қолдан жасап сатқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137071/)