![Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/12/1613100047745.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 4 адам көз жұмды. 951 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 200044-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 1167 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 181974. Қайтыс болғандар - 2630.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 847 адам ем қабылдап жатыр. 255 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 82 адам дертке шалдығып, 1 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48522 адамға пневмония диагнозы қойылды. 38523 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 592.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137105/)