![Қазақстанның Армения, Швеция, Бразилиядағы елшілері тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/12/1613106181863.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның Армения, Швеция, Бразилиядағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Болат Иманбаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Сергей Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Болат Нүсіпов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның Армения, Швеция, Бразилиядағы елшілері тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137108/)