Ауғанстанда жанармай мен газ тасымалдап келе жатқан 500-ден астам жүк көлігі өртеніп кетті. Соның салдарынан 60 шақты адам жараланып, жақын маңдағы елді мекендер электр жарығынсыз қалған. Оқиға Иранмен шекарадағы кеден бекетінде болды. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық - НАСА жерсеріктері оны ғарыштан да байқаған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, өрт шығыны шамамен 50 миллион доллар. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауғанстанда жанармай таситын 500-ге жуық жүк көлігі өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137191/)