Жамбыл облысында 850 медицина қызметкері ковидке қарсы вакцина салдырды. Мамандардың мәліметінше, екінші кезеңде ресейлік «Спутник V» вакцинасы 5 мың тұрғынға егіледі деп жоспарланған. Ал наурыз-маусым айларында 95 мың адам вакцина алады. Қалған бес жүз мың тұрғынға отандық вакцина ұсынылмақ.
Гүлфайра Мырзабекова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас эпидемиологы:
Ұжымдық иммунитетті жасау үшін кемінде 50-60 пайыз халық егілуі керек, сондықтан Жамбыл облысы бойынша нақты биылғы жылдың аяғына дейін 593700-ге жуық адамды егу жоспарланған, бұл облыс халқының 52 пайызы.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында 850 медицина қызметкері вакцина салдырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137200/)