Былтыр елімізге жемқорлықтан келген залал 60 миллиард теңгеден асты. Осылайша қолды болған қаржы көлемі жағынан рекорд жаңарып отыр.
Мына кестеде соңғы 5 жылда жымқырылған және өндірілген ақша көрсетілген. Мәселен 2016 жылы 43 миллиард теңге қолды болған. Бірақ соның небәрі 9 миллиарды ғана қайтарылыпты. 2017-те жымқыру фактісі азайып, кейін қайта өскен. 2020-да тіпті екі жарым есеге көбейіп отыр. Ал жемқорлық дендеген министрліктердің көшін Ішкі істер, Қорғаныс және Қаржы ведомствалары бастап тұр.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Былтыр елімізге жемқорлықтан келген залал 60 млрд теңгеден асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137227/)