![Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір күнде 8 адам көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/16/1613445464489.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 6 адам көз жұмды. 686 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 203259-ға жеттi.
Соңғы тәулікте 1289 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 186494. Қайтыс болғандар - 2652.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 22 733 адам ем қабылдап жатыр. 255 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 6 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 48700 адамға пневмония диагнозы қойылды. 39478 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 602.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір күнде 8 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137235/)