![Елімізде жылдық инфляция 7,4%-ке дейін баяулады - Ұлттық банк](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/16/1613448689327.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қаңтарда жылдық инфляция 7,4 пайызға дейін баяулады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.
«Биылғы қаңтарда жылдық инфляция 7,4 пайызға дейін баяулады. Азық-түлік инфляциясы бағаның жалпы өсуіне үлкен үлес қосы жатыр. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі жекелеген тауар нарықтарында теңгерімсіздіктің сақталуы аясында 2020 жылғы желтоқсандағы 11,3 пайыздан биылғы жылғы қаңтарда 11,4 пайызға дейін жылдамдады.
Ннфляцияның азық-түлікке жатпайтын және сервистік компонентінің серпіні әлсіз тұтынушылық сұраныс аясында салыстырмалы түрде тұрақты болып қалды. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,5-тен 5,3 пайызға дейін, ақылы қызметтер инфляциясы 4,2-тен 4,1 пайызға дейін баяулады», - деді ол Үкімет отырысында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде жылдық инфляция 7,4%-ке дейін баяулады - Ұлттық банк&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137237/)