![Президент Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/2/17/1613545551330.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Бәрік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Нұртілеу Иманғалиұлы телевизия саласында өзінің қолтаңбасын қалдырды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани-мәдени байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – деп жазылған жеделхатта.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/137299/)